Елімізде 1,8 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделді

Өңдеу жұмысы, ауыл шаруашылығы алқабы, шегіртке, зиянкестерге қарсы күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2025 11:50 Сурет: ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда үйірлі шегірткелерге қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі мәліметінше, бүгінгі таңда күрес шаралары аясында 1,8 млн гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. Бұл жоспарланған 2,1 млн гектардың 86,6 пайызын құрайды.

Түркістан облысында химиялық өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын, 371,79 мың гектар жер өңделген. Жамбыл облысында 86,12 мың гектар (80%) алқапқа өңдеу жүргізілді.

Жұмыстар еліміздің тағы 13 өңірінде жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда: Қостанай облысында – 391,04 мың га, Ақтөбе облысында – 388,93 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 191,48 мың га, Ақмола облысында – 65,31 мың га, Атырау облысында – 50,84 мың га, Қарағанды облысында – 39,28 мың га және басқа өңірлерде.

"Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіру жағдайлары тіркелген жоқ. Өңдеу жұмыстарына 459 бірлік арнайы бүрку техникасы жұмылдырылды. Өңірлер қажетті техникамен, химиялық препараттармен және басқа да ресурстармен толық қамтамасыз етілген", делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, 2025 жылдың 28 мамырында Ауылшаруашылығы министрлігі ресми мәлімдеме жасап, шегірткелердің жаппай әрі бақылаусыз таралуы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: