Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандының орталығында көпқабатты үйдегі пәтерге жылан кіріп кеткен

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2018 18:41 stan.kz
Ендігі әйел қаланың орталығындағы көпқабатты үйге жыланның қалай тап болғанын анықтамақ.

Қарағанды тұрғыны пәтерінің ас үйінен жылан тауып алғандарын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдің сөзінше ол Қарағандының орталығында тұрады. Пәтерінен жылан табылған кезде ол қатты шошыған.

«Мен отбасыммен Әбдіров көшесіндегі көпқабатты үйдің 6-қабатында тұрамын. Бүгін таңертең әжем асүйдің тура ортасында жатқан жыланды тауып алды. Ол бірден пештің артына кіріп кеткен. Қатты шошыдық десем, ештеңе айтпағандай болармын. Мен құтқару қызметіне қоңырау шалып, жылан туралы айттым», – дейді әйел.

Оның сөзінше, құқтарушылар келген сәтте жылан жоқ болып кеткен. Ал құтқарушылар кеткенде, асүй жиһазының астында жатқан жылан қайта жыбырлай бастапты. Үй иелері құтқарушыларды күтпестен, жиһаздың жартысын алып тастап, астында жатқан жылынды көреді.

«Осы кезде келген құтқару қызметінің қызметкерлері жыланды ұстап алды. Жылан өзіне қауіп төнгенін сезіп, ысылдап, шабуылдай бастады», – дейді әйел.

Әйелдің сөзінше, олар жыланның улы болған, болмағанын білмек болған. Болжам бойынша, ол дала сұр жыланы болуы мүмкін.

Ендігі әйел қаланың орталығындағы көпқабатты үйге жыланның қалай тап болғанын анықтамақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: