Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда балабақшасында бүлдіршіндер жедел ішек инфекциясын жұқтырған

kungei.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2018 15:57 kungei.kz
Астана әкімдігі инфекцияның балабақшаға қалай тап болғанын түсіндірген жоқ.

Астананың №36 балабақшасының шәкірттері жедел ішек инфекциясына шалдыққан соң, әкімдік тексеру жүргізіп, нәтижесін хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Білім басқармасы хабарлағандай, 18 адамның инфекция жұқтырғаны анықталған, олардың екеуі – ересек адамдар, қалғандары – бүлдіршіндер. Жұқпалы дерттің қалайша тарағанын әкімдік түсіндірген жоқ, ал балабақша жұмысын қайта жалғастыра бастады.

"СЭС біршама жұмыс атқарып, бүкіл қызметкерден талдау алды, лабораториялық зерттеулер жүргізілді. Жұмыс нәтижесі көрсеткендей, инфекцияның бар екені расталды, бірақ оның қалай тарағанын құзырлы органдар түсіндіргені жөн. Қазір 18 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі, екі ересек адам мен 16 бала", — деп мәлімет берді Астана білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы Ләззат Разбекова.

Айта кетсек, ақпан айының басында №36 балабақшаның тәрбиешісі мен он баланың белгісіз инфекция жұқтырғаны анықталған болатын. 5 жасар бүлдіршіндер тәулік ішінде құсып, ыстығы көтеріліп, іші өткен. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, сараптама жүргізіліп, азық-түлік блогы тексерілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: