Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тауда жоғалған 7 жасар бала Қырғызстан шекарасынан іздестірілуде

Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалып кеткен баланы құтқарушылар 14 шілдеден бері іздестіруде.

Сурет : ҚазАқпарат26 Шілде 2018, 12:48

14 шілде күні тауда жоғалып кеткен 7 жасар Ернұр Сәдуақас әлі табылған жоқ. Құтқарушылар баланы Қырғызстан шекарасына дейінгі аумақтан іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірге нәтиже жоқ. Бүгін құтқарушылар екі бағытқа бөлінді. Баланы іздеу аймағы 25 шақырымға кеңейеді. Құтқарушы топтың біреуі батысқа қарай, екіншісі шығыс жақ аумақты іздейді. Сондай-ақ, іздеу шараларына облыс әкімдігінің өкілдері мен 2 депутат қосылды. 15 адам атқа қонып, 40 полицей, әкімдіктің 6 қызметкері белгіленген аймақты сызба бойынша іздеу жұмыстарын жүргізеді. Иісшіл иттерді жетектеген топ жыра , шатқалдарды аралауда. Құтқарушы топтың бір бөлігі Қырғызстан шекарасына дейін созылған аумақты тексеруге шықты», - деді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.

Еске сала кетсек, Алматы облысының Жамбыл ауданында жоғалып кеткен баланы құтқарушылар 14 шілдеден бері іздестіруде.

2011 жылы туған Ернұр Сәдуақас Ынтымақ ауылынан оңтүстік қапталдағы «Кіші саз» жайылымына бара жатқан жолда таулы аумақта жоғалған. 7 жастағы Ернұрмен бірге үлкенді-кішілі 5 бала жолға шыққан. Қазір балалардың барлығы ауылда. Тек Ернұр ғана оралмады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер