Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жалдамалы пәтерді саудаға айналдырған көкшетаулық ұсталды

Күдіктіге ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр.

Сурет : www.inform.kz27 Шілде 2018, 14:24

Көкшетауда алаяқ жылжымайтын мүлікті жалға алып, оны басқа адамдарға ұзақ уақытқа қайта жалға беріп отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның ақпараты бойынша, 25 шілдеде Көкшетау қалалық ІІБ-ге пәтер алаяғының әрекетінен зардап шеккен үш азамат шағым түсірген.

Зеренді ауданында тұратын пәтер иесі оның қайтыс болған ұлына тиесілі пәтерді Көкшетау тұрғынына жалға берген.

Алаяқ бірнеше күнге жалға алған пәтерін басқа аламдарға ұзақ уақытқа жалға беріп алдаған.

«Алғашқыда алаяқ әйел Көкшетау тұрғынына жылжымайтын мүлікке екі айға қосалқы жалға берген. Одан жалға алу туралы шарт жасамай, 80 мың теңге сомасында алдын ала төлем алған. Кейін біраз уақыт өткен соң пәтерді басқа азаматшаға 3 айға жалға берген. Сондай-ақ, одан да келісім жасамай, 128 мың теңге алған», - деді ведомствода.

Күдіктіге ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер