Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейден 2,5 млн теңгеге Toyota алмақ болған жігіт алданды

видеодан кадр видеодан кадр
ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігі – "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ресейден автокөлік алып келуге уәде берген азаматқа ақшасын беріп, қаражаттан қағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағымдағы жылдың қазан айының соңында Семей қалалық Полиция басқармасы Орталық ПБ "102" жедел арнасына қаланың 31 жастағы тұрғыны жүгінді.

Ол 2021 жылдың мамыр айында бұрын танымайтын ер адам "Toyota" автокөлігін сату сылтауымен алдап және сенімге кіріп, оның ақшасын иемденгенін хабарлады. Келтірілген залал 2 500 000 теңгені құрады.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді. Күдікті тергеу барысында ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Жәбірленуші онымен көлік жуу орнында танысқаны анықталды. Әңгіме барысында ол нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен жақсы көлік әкеліп беруге уәде берген. Келісімшарттан кейін ер адам күдіктіге 2 500 000 теңге берген, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі – "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: