Өскеменде 60 жастағы қалта ұрысы ұсталды
kriminalukraine.com.ua
ҚР ҚК – нің 188 – бабы 1 – бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Өскеменде Үлбі Полиция бөліміне 36 жастағы әйел "Спорт сарайы" автобус аялдамасында тұрғанда белгісіз адамның оның күртешесінің қалтасынан "Samsung" маркалы екі ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып, жүгінген. Осылайша 200 000 теңгеге материалдық залал келтірген, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап..
- Жедел іздестіру іс – шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері жасаған қылмысын мойындап, ұрланған мүлікті қайтарып берген 60 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 188 – бабы 1 – бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript