Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Анасы стриптиз-клубта жүрген кезде 2 жасар қызы үйінде аштан өліп қалған

Қазіргі уақытта Дэвин қамауға алынды.

Сурет : stan.kz30 Шілде 2018, 16:09

АҚШ-тың Джорджия штатының тұрғыны Дэвин Мун жергілікті стриптиз-клубта биші болып жұмыс істеген. Ол таңертең түнгі ауысымдағы жұмысынан үйіне келген кезде, 2 жасар қызының өліп жатқанын көріпті. Бұл туралы 11alive.com басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Дэвин жұмысынан үйіне келген кезде, қызы демалмай жатқан. Ал денесі көгеріп, суып кетіпті. Оны көрген анасы қатты шошып, жедел жәрлем шақырған. Алайда дәрігерлер сәбидің өлімін тіркеп, полиция шақырыпты.

2 жасар Рейганның салмағы небәрі 6 келі болыпты. Анықталғандай, қыз дүниеге келген кезде денсаулығында қиындықтар болған. Ол салмақ қоса алмаған екен. Ал анасы қызының жағдайын алаңдамаса керек. Себебі сараптама нәтижесінде сәбидің аштан өлгені белгілі болды.

«Жауап алу барысында біз әйелдің клубта тұрақты түрде жұмыс істегенін білдік. Көбіне ол түнгі ауысымда жұмыс істеген. Сондықтан бала үйде 10-12 сағат бойы жалғыз қалған», – дейді полиция қызметкері Джейк Смит

Қазіргі уақытта Дэвин қамауға алынды. Ол баланың өліміне алып келген қатігездігі үшін жазаға тартылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер