Жаңалықтар тізбегі
0

Ер адам дәрігерлердің қателігінен 15 жыл ғұмырын жындыханада өткізген

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2018 19:10 Sputniknews.kz
Зейнеткер психиатриялық диспансерден 3 миллион теңге өндіріп алып, қайырымдылық мақсатында жұмсамақ.

Ер адам 15 жылдық ғұмырын Атырау мен Павлодар қалаларындағы психоневрологиялық диспансерлерде өткізіп, кейінірек Мәскеудегі Сербский атындағы ғылыми-зерттеу институтында дені сау екені анықталған, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Егде жасқа келген Елубайдың айтуынша, 41 жыл бұрын бұрынғы әйелінің арқасында Атырау облыстық психиатриялық диспансеріне түседі, сол жерде он жыл жатып, инсулин-коматозды терапия алады.

Кейінірек медбикелердің бірі және туысының көмегімен ер адам Павлодар қаласындағы психиатриялық диспансерге ауысады. Сол кезде тәуелсіз сарапшылардың тексеруінен өтуді жөн көріп, Мәскеу қаласы ҒЗИ мамандары Елубайдың дені сау деген қорытындыға келген.

Сөйтіп, Павлодар қаласында облыстық психоневрологиялық диспансерге сарапшылардың қорытындысын көрсетеді.

"Мұнда да сараптама жасалып, сау екенін растаған", — деп түсіндірді науқастың заңды өкілі Айгүл Ырғыбаева.

Оның сөзіне сүйенсек, Павлодардағы комиссия тексеру жүргізіп, ер адамды босатыпты.

1991 жылы Елубай дәрі-дәрмексіз, психиатриялық көмексіз жаңа өмірге қадам басады. Мұндай істердің ешқашан ескірмейтінін біліп, кінәлілердің жазасын бергісі келген екен. Ер адам соттан дені сау кісіні не себепті жүйке дертіне шалдықты деп көрсеткісі келгендерін анықтауды сұрайды. Зейнеткер Атырау және Павлодар диспансерлерінен 3 миллион теңге өндіріп алып, қайырымдылық мақсатында жұмсамақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: