Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бизнес туралы кітап жазған кәсіпкерге қатысты сот басталды

«Бизнес ашып, бірге байимыз» деген бастамасы алаяқтық әрекетке әкелген Талғат Акуовке қатысты сот басталды.

Сурет : zakon.kz1 Тамыз 2018, 09:21

Кезінде Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығын басқарып, тіпті кітап жазып елге танылған Акуов Қылмыстық Кодекстің 177-бабы, яғни аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін істі болып отыр. Ол бірнеше кәсіпкерді Қарағанды облысында демалыс аймағын тұрғызу үшін қомақты қаражат салуға үгіттепті. Ал курорт қолданысқа берілгенде одан түскен пайдаға барлығының қарық боларына сендірген. Бұл туралы zakon.kz, Алматы телеарнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми дерек бойынша, алдауға арбанғандар тіпті пәтерлерін сатып, жүз мың долларға жуық инвестиция салған. Бірақ Акуов ақшаны қалтаға басып, жұртты сан соқтырып кеткен дейді айыптаушы тарап. Тергеу дерегіне сүйенсек, жалпы, 47 адам зардап шеккен екен. Жәбірленушілер қатарында тек кәсіпкерлер ғана емес, қарапайым зейнеткерлер де болған.

«Демалыс орнын дамытамыз, ремонттаймыз, ақшаның барлығы сонда кетеді. Бастапқыда оның жанына қосымша корпустар салынады, біртіндеп үлкен бизнеске айналады деді ғой. Мен 100 мың доллар салдым. Ең соңында оны осылай қуалап іздеуге мәжбүр бола бастадық. Ол 2010 жылдардан бастап қашып жүретін болды. Неше түрлі сылтаулар айтып, қашып жүрді», – дейді жәбірленуші Тұражан Бақытбаев.

«Мінеки, түріне қараңыздар. Осындай адам бәленбай ақша алып, бізді алдап, ақшамызды бермей кетеді деп кім ойлады? Бұл адам Қазақстан бойынша белгілі адам. Осындай суреттерін, кітап жаздым деп «Бизнес по казахский» атты кітабын көрсетті. Оған қалай сенбейсің енді?», – деді жәбірленуші Айжан Сатылғанова.

Кәсіпкерлерге көп сомада қарыз болғаны үшін айыпталушыға 2014 жылы іздеу жарияланған болатын. Акуовтың құрығына түскендердің бұл сотты талай жылдан бері күткені анық. Сондықтан сотқа түгел келіпті. Сотталушының жәбірленушілерден қанша қаражат алғаны алдағы сот процестерінде белгілі болмақ. Ал жәбірленушілердің өздерінің айтуынша, олар Талғат Акуовқа шамамен 2 млрд теңгеге жуық қаржы берген.

«Менің қорғауымдағы Талғат Акуов тағылған айыптармен келіспейді. Бұл жерде қылмыстық іс емес, азаматтық іс қозғалуы керек еді. Дегенмен, ол жәбірленушілердің ақшасын қайтаруға дайын», – деді Т. Акуовтың адвокаты Әсем Түсіпова.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер