Қарағандыда дауға айналған құрылысқа қатысты сот басталды

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 10:15 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағандыда "Аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бабымен құрылыс компаниясына қатысты сот басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпкер екі жыл ішінде қарағандылықтардан коммерциялық және тұрғын үй құрылысын жүргіземін деп 2 миллиард теңгеге жуық ақша алған. Сот отырысына қатысқан ондаған үлескер болашақ пәтері үшін миллиондаған қаржы салған. "Жетінші арнаның" ақпаратына сүйенсек, компанияның тіпті жер теліміне және құрылысқа рұқсат беретін құжаттары да болмаған.

Соған қарамастан, құрылысшы белсенді түрде жылжымайтын мүлік сатып, үлескерлерден шамамен 850 млн теңге қаржы тартқан. Тіпті кейбір пәтер бірнеше рет сатылғаны анықталды. Коммерциялық нысандарға қаржы салғандар да ақшасын қайтаруға үмітті. Іс материалдарына сәйкес, олар сотталушыға 1 миллиард теңге берген. Айта кетейік, бұған дейін бұл құрылыс компаниясы салған Қарағандыдағы 8 көпқабатты үйде қазір адамдар тұрып жатыр.

"Үй салынбай-ақ қойды. Мен мұның анық-қанығын білгім келіп, сот кабинетін ашып қарадым. Сөйтіп, мен бұл жердің оларға тиесілі емес екенін көрсететін құжатты көрдім. Олар мені алдап, "SattiLuxStroy" атынан маған пәтер сатқан, ал шын мәнінде Инвест ЖШС-іне тиесілі екен. Мен ақшамды қайтарып беруін сұраймын". Надежда Шулежко, қала тұрғыны

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы оңтүстік аудандарда шегіртке қаптағандығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: