6 жасар қазақстандық қыз Жапонияда қайтыс болды

sn.kz sn.kz
Райана ұзақ уақыттан бері бүйрек рагымен күресіп келген.

6 жасар қазақстандық Райана Сковородникова Жапонияда қайтыс болды деп жазады Sn.kz

Райана ұзақ уақыттан бері бүйрек рагымен күресіп келді. Оны анасы Жапонияға емдеуге апара жатыпты. Жоспар бойынша оған 2 тамыз күні сол жерде операция жасалатын болған.

«Қызым бір нәрсені сезгендей «үйге қайтқым келеді» дей берді. Ұшақта жағдайы нашарлай бастады. Оны жедел-жәрдеммен қалалық ауруханаға алып барды. Бір емханадан екіншісіне ауыстырды. Қызымның жүрегі сол жерде тоқтап қалды», - дейді анасы.

Райананың анасы дәл қазір қаржылық көмекке зәру екенін айтады.

«Қазақстан консулынан жауап күтемін. Қызымның денесін елге жеткізуім керек. Біреулер сонда жерлей сал деп жатыр. Басқа елге қызымды қалай тастап кетемін?», - дейді ол.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз