Анастасия Заворотнюк қайтыс болды
Instagram парақшасында жарияланған хабарламада:
"Бұл жерге орынды сөзді табу қиын-ақ. Бүгін түнде ұзақ жылдардан бері қатерлі аурумен күресіп келе жатқан біздің Настя өмірден өтті. Сіздердің ол үшін шын жүректен тілеген жақсылықтарыңызға, тілек пен дұғаларыңыздың барлығына алғысымызды білдіреміз. Настя әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезінді және жоғары бағалады"
Қоштасу орны мен уақыты туралы қосымша хабарланады.
Сонымен қатар, актрисаның үлкен қызы Анна Заворотнюк бірлескен фотосуретті жариялады және 8 жыл бұрын болған оқиғаны есіне алды.
Сурет: Instagram/stories/anna_zavorotnyuk
"Анашым, сен менің өмірімдегі ең жақсы адамсың. Мен сенің қызың болғанымды өте мақтанамын. Менің жаным әрқашан сенімен бірге".Анна Заворотнюк
Анастасия Заворотнюк 1971 жылы 3 сәуірде Астраханьда дүниеге келген. Бала кезінен бастап Анастасия театрда ойнады және өзінің арманына табандылықпен ұмтылды: бос уақытында ол музыка мен бимен айналысты, "Лотос" би ансамбліне қатысты.
"Моя прекрасная няня" сериясы актрисаға кеңінен танымал болуға жол ашты.
2008 жылы 22 қыркүйекте Заворотнюк коньки тебуші Петр Чернышевке үйленді. 2018 жылдың қазан айында ерлі-зайыптылардың Мила Чернышева атты қызы болды.
2019 жылдың тамыз айының ортасынан бастап ол театр қойылымдарына қатысуды тоқтатты. 2019 жылдың 15 қазанында актрисаның жақын ортасы Заворотнюктің емделіп жатқанын айтты. 2020 жылдың 14 мамырында Анастасия Заворотнюктен ми ісігі табылғаны белгілі болды.