Тигран Кеосаян 59 жасында көз жұмды
Сурет: wikimedia
Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, кинорежиссер, теле- және радиожүргізуші Тигран Кеосаян 59 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы хабарды бүгін, 2025 жылғы 26 қыркүйекте, оның жары Маргарита Симоньян X желісіндегі парақшасында жазды.
2025 жылдың қаңтарында Кеосаян клиникалық өлімді басынан өткеріп, комаға түскен еді. Ол кезде Симоньян жұбайының жүрекке байланысты ұзақ уақыттан бері күрделі мәселелері бар екенін түсіндірген.
Айта кетейік, қазіргі уақытта RT телеарнасының бас редакторы Симоньян қатерлі ісікке байланысты ем қабылдап жатыр.
Сегодня ночью Тигран ушел к Создателю.
— Margarita Simonyan (@M_Simonyan) September 26, 2025
Кеосаян бірнеше фильмдердің авторы. Олардың қатарында "Бедная Саша", "Президент и его внучка", "Ландыш серебристый", "Крымский мост. Сделано с любовью!" бар. 2007 жылдан бастап ол тележүргізуші болып еңбек етті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript