Үндістанда қауіпсіздік ережелерін елемеген турист көз жұмды
Сурет: pixabay
Итальяндық турист Үндістанның Висахапатнам қаласындағы Ярада жағажайында жүзу кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
New England News басылымының ақпаратынша, ер адам 16 шетелдікден тұратын саяхатшылар тобымен бірге болған. Ол досымен бірге аймақтағы шомылу қаупі туралы ескертпені елемей, ашық теңізге шыққан. Көп ұзамай екі итальяндықты қатты ағыс әкетіп, жолдастарының көзінше суға батып кетті.
Дер кезінде келген құтқарушылар екі азаматты да жағаға шығарғанымен, тек біреуі ғана тірі қалды. Екіншісі ауыр жағдайда ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оның денесін аутопсияға жіберген.
Жергілікті полицейлер оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде.
Бұған дейін Эверестте қар құрсауында қалған мыңға жуық туристке қауіп төніп тұрғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript