Эверестте қар құрсауында қалған мыңға жуық туристке қауіп төніп тұр
Сурет: pixabay
2025 жылғы 5 қазан күні Эверестке қалың қар түсуі салдарынан шамамен мыңға жуық адам тауда қалып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы қытайлық БАҚ-тар жазуда.
Қалың қар таудан түсуге мүмкіндік бермей отыр. Оның мөлшері соншалық – альпинистердің шатырларын көміп, қодастардың да жүретін жолы жабылып қалған.
Аймақтағы құтқару қызметтері жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр. Алайда, ауа райының қолайсыздығы мен көшкін жүру қаупі эвакуация жүргізуді қиындатып отыр.
Қазір Эвересттегі ауа райы өте тұрақсыз күйінде сақталуда.
Бұған дейін Қырғызстан тауында жоғалған Наговицынаның соңғы бейнесіне қатысты жаңа деректер анықталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript