Алматылық 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр
Сурет: Zakon.kz
"Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің жоғарыда аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты, 30 мыңға жуық алматылықтың өміріне қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселенің мән-жайын ҚР Қаржы мониторнгі агенттігі анықтауда.
"Бүгінде осы бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде."ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Агенттіктің 11 сәуірдегі ақпаратына сай, ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктелуде.
"ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы, аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Залал сомасы алдын ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады."ҚР Қаржы мониторингі агенттігі
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге де ақпараттар жариялымға жатпайды.
Айта кетейік, ҚР Қаржы мониторинг агенттігі осыған ұқсас Ақмола және Ұлытау облыстарында екі қылмыстық істі тексеруде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript