Мұхиттарға қауіп төніп тұр: БҰҰ басшысы табиғатты қорғауға шақырды
Климаттың өзгеруі, биоалуантүрліліктің жоғалуы және ластануының үш еселенген дағдарысы біздің мұхиттарымыздың денсаулығына қауіп төндіретіні анық.БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш
Сонымен бірге мұхит ресурстары мен биоәртүрлілік адам әрекетінің салдарынан мынандай қауіп төніп тұр:
дүниежүзіндегі балық қорының үштен бірінен астамы биологиялық тұрақсыз деңгейде жиналады;
маржан рифтерінің едәуір бөлігін жойылды;
пластик қоқысын ең шалғай аралдардан және ең терең мұхит траншеяларынан табуға болады.
Антониу Гутерриш «табиғатқа қарсы түрде емес, онымен бірлесе жұмыс істеуге» және мұхиттарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.
Өткен қарашада Глазгода өткен климаттың өзгеруі бойынша конференция климаттың өзгеруін тежеудегі теңіз экожүйелерінің рөлін мойындады. Наурызда мемлекеттер пластикалық ластануды тоқтату үшін жаңа келісім бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
Мұхиттың жағдайы мен өнімділігін қамтамасыз ету – біздің ұжымдық міндетіміз. Оны біз тек бірге орындай аламыз. Мен мұхиттардың саулығына алаңдайтын барлық адамды оны қалпына келтіру үшін күш біріктіруге шақырамын.Антониу Гутерриш