Атырау облысында құтқарушы қайтыс болды

Атырау облысында құтқарушы қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 14:52 Сурет: pxhere
2024 жылдың 15 мамырында Атырау облысында аурудың асқынуынан құтқарушы қайтыс болды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап өтілгендей, Ілияс Әбдіқасым құтқарушы болып 2020 жылдан бері қызмет еткен.

Жұмыс барысында ол өзін кәсіби және жауапты құтқарушы ретінде көрсетті.

Артында әйелі мен екі баласы қалды.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

2024 жылдың сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысында 45 жастағы құтқарушы қайтыс болды. Ол Түркістан облысынан Тайынша қаласына су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмектесу үшін келген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: