Жаңалықтар тізбегі
0

Мәскеуде терезеден құлаған қазақстандық студент қыз қайтыс болды

Тoday.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 20:10 Тoday.kz
РФ тергеу комитеті "Өлімге дейін әкелу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мәскеуде Склифосовский атындағы ғылыми-зерттеу институтында қазақстандық студент Томирис Байсафа қайтыс болды. Ол ауруханаға 13 сәуірде түскен еді, деп хабарлайды Today.kz емдеу мекемесіне сілтеме жасап.

Аурухананың ақпаратынша, бойжеткен 3 мамыр күні Мәскеу уақытымен 04:00-де қайтыс болған. Ақпаратты Склифосовский атындағы институттың қызметкерлері растады.

Естеріңізге салайық, 13 сәуірде МГИМО-ның төртінші қабатындағы терезеден қазақстандық Томирис Байсафа құлап түскен еді. Оқиға оқу орнының екінші бір студенті Мұртазәлі Меджидовпен әңгімелескен соң болған. Куәгерлердің сөзінше, бұл жайтқа Мұртазәлімен ренжісіп қалған соң барған болуы мүмкін.

Меджидов – Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысының ұлы.

Қыздың анасы Жанна Ахметова 15 сәуірде Томиристің жағдайын айтты.

"Жағдайы тұрақты ауыр, өкпесі жасанды вентиляциямен демалып жатыр, аппаратсыз тыныстап жатқан жоқпыз, бүйрегін алып тастады, қабырғасы, жамбас сүйегі, қолы сынған. Дәрігерлер өкпеден қауіптеніп отыр, өйткені өкпесіне қатты соққы тиген, көп қан жоғалтқан", – деді Жанна Ахметова.

РФ тергеу комитеті "Өлімге дейін әкелу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: