Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды 358 теңгеден сатып жатыр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2018 17:45 zakon.kz
Кешеден бері АҚШ долларының бағамы орта есеппен 3 теңгеге көтерілді.

Бүгін kurs.zakon.kz сайтының мәліметіне сүйенсек ақша айырбастау пунктерінде доллардың құны 356,9-358,3 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Американдық валютаның қымбаттауы, бұған дейін айтқандай ресей рублінің құнсыздануымен байланысты. Бұл АҚШ-тың жаңа ресейге қарсы санкцияларын енгізу туралы дүрбелең туғаннан кейін орын алған.

Қазақстанда 2018 жылдың мамыр айының басынан бастап доллар тұрақтанған.

Сол кезде көптеген қазақстандық сарапшы-экономистер доллар бағамының өсуін ресейлік рубльдің әлсіреуіне, маусымдық факторға байланысты деп топшылаған.

Осыдан кейін доллар құны көтерілген. Дегенмен, қаржы талдаушылары үлкен алаңдаушылық білдірмеді, себебі теңгенің құны бір долларға 320-340 теңге шамасында болды.

Алдағы екі айда АҚШ долларының өсімі жалғасты, ал 19 шілдеде АҚШ долларының орташа бағамы 344,98 теңгені құрады. Сарапшылардың болжамы бойынша, валютаның құны қазан айында төмендеуі тиіс. Тамыздың басында айырбастау пунктерінде доллар әлдеқашан «350 теңге» белгісінен асты, нәтижесінде девальвация туралы қауесет қайтадан таратыла бастады.

Кеше доллар қайтадан қымбаттады. Бұған Ресейде доллар бағасының күрт көтерілуі себеп болды. Мәскеулік биржа саудасы барысында 1,5 рубльден асты (2% астам), яғни 65 рубльден асып түсті. Бұл сәуірдің 11-нен бастап доллардың 65 рубльден асатын ең жоғары өсім. Ал Еуро бағасы 2% -ға қымбаттап, 75 рубльге жеткен. Ресейлік сарапшылардың пікірі бойынша, рубльдің мұндай күрт әлсіреуі АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары туралы жаңа заңының ережелерінің белгісіздігіне байланысты.

Рубльдің одан әрі әлсіреуі және доллар бағасының жоғарылауы туралы қазақстандық сарапшылардың пікірлері бөлінді. Кейбіреулер рубльдің құнсыздануын ресейге қарсы санкциялар туралы жаңа АҚШ заңына байланысты деп санайды. Және бұл үрдіс ұзаққа созылмайды деген пікірде. Басқалар, жаңа ауқымды санкцияларды енгізуді ықтимал деп есептейді және рубльдің одан әрі әлсіреуін, одан кейін теңгенің де құнсыздануы орын алады деген болжамда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: