Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыдағы «Car City» сауда орнында іздеуде жүрген бес қылмыскер ұсталды

Өткен сенбі күні полицейлер сауда орнында кезекті тексеріс жүргізді.

Сурет : Ашық дреккөздер13 Тамыз 2018, 17:35

Алматы полициясы «Car City» сауда орнында тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында полициядан жасырынып жүрген 5 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен сенбі күні полицейлер сауда орнында кезекті тексеріс жүргізді. Барлығы 600 полиция қызметкері жұмылдырылды. Бес мобилді топ сауда орындарынан басқа 20 техникалық қызмет көрсететін станция мен 45 автотранспорттық құралдары станциясын тексерді.

"Ізін суытпастан инспекторлар бөтен біреудің мүлкін ұрлау ісін ашты. Қылмыс істеді деген күдікпен бірнеше рет сотталған 1994 жылғы К. есімді азамат тұтқындалды. Оған қоса, тексеріс барысында 149 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, жеке тұлғасын анықтау үшін ішкі істер органдарына 126 адам жеткізілді. 10 адам біздің елде көші-қон заңнамасын өрескел бұзған Өзбекстан азаматы болып шықты. Сонымен қатар, тексеріс кезінде ата-анасы Қазақстанның басқа аймақтарында тұратын үш жасөспірім анықталды. Бұл балалар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылады", - деп мәлімдеді Алматы қаласының ішкі істер департаментінің ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер