Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Нигерия халқы егіз балаларды неліктен өлтіреді?

Нигериядағы Абуджа атты жерде егіз балаларды өлімнен құтқаруға арналған арнайы орын бар.

Сурет : Baq.kz14 Тамыз 2018, 16:10

Нигерияның орталығында егіз балалардың барлығы өлтіріледі, деп хабарлайды Baq.kz.

Нигериядағы Абуджа атты жерде егіз балаларды өлімнен құтқаруға арналған арнайы орын бар. Бүгінгі таңда онда 30 немесе одан да көп сәби жатыр. Бұл жерде дәрігерлер әр баланы қарап, арнайы тексерістен өткізіп, күтім жасайды.

«Бұл балалар өте жиі ауырады, себебі оларды аналары ешқашан емізбеген. Олар ана сүтінің дәмін татып көрмеген», - дейді 13 жыл бұрын арнайы Қордың негізін қалаған Олусола.

Бұл қор Нигерияның әр түкпірінен өлімнен құтқарылған балалардың мекеніне айналған.

Нигерияда әлі күнге дейін егіз балаларды өлтіру тыйылар емес. Нигерияның Игбо университетінің зерттеу орталығында істейтін ғылыми қызметкер Диока Бриджиттің айтуынша, бұл тәжірибе құпия түрде жүзеге асырылып келеді.

«Зерттеушілердің көбі Нигерияда мұндай жағдай жоқ шығар деп ойлайды. Тіпті, бұл ақылға сыймайтын дерек деушілер де жоқ емес. Сол себепті ғалымдардың көбі осы жаққа келіп, зерттеу жүргізуге құлықсыз», - дейді ол.

Өз кезегінде Абуджа қаласындағы Қор өкілдері кез келген зерттеуге атсалысып, қол ұшын созуға дайын екендіктерін айтуда.

1996 жылы Олусола егін егетін кезең басталғанда мол өнім алу үшін нәрестелерді құрбандыққа шалатын дәстүр бар екенін естиді.

«Мен кішкентай сәбиді өлтірмеуін, оны маған беруін сұрап, жалындым. Кейде алып кеттім, кейде қолымнан келмеді. Ол кездері бізге көрсетілетін көмек те, қолдау да өте аз болатын. Бара бара балаларға күтім жасау қиындап, мен Абуджа университетіндегі қызметімнен кеттім», - дейді Олусола.

Оның айтуынша, Нигерияда әлі күнге сәбилерді, оның ішінде егіз балаларды өлтіру, құрбандыққа шалу тәжірибесі бар. Жергілікті халықтың бұл іске бару себебі – олар егіз балаларды түнде адам қанын соратын шайтанға немесе ата-анасының бірін, тіпті, екеуін де өлтіруге жіберілген жаман күш иесі ретінде қабылдайды.

Қор өкілдері балаларды құтқарып, оларға бұл пікірдің қате екенін түсіндіру қиынның қиыны екенін айтып отыр.

«Егіздердің туғаны туралы ақпарат естісек, біз ауылдарға адам жіберіп, балаларды бізге беруін сұраймыз. Балаларға білім беріп, оларды қайта өздеріне қайтаратынымызды айтамыз», - дейді Олусола.
Оның айтуынша, осындай стратегия жүргізіп отырған күннің өзінде балалар өлімі әлі де жиі кездеседі. Ал құтқарылған балалардың кейбірі көп ұзамай бәрібір қайтыс болып жатады.

Олусоланың айтуынша, Қорға кейде бала түспеуі мүмкін, ал кейбір кездері алты-жеті баладан түсіп жатады. Бүгінгі таңда бұнда 116 бала тұрып жатыр.

Кейбір ауыл тұрғындары мен тайпа өкілдері егіз балалар олардың сенімінде адам ретінде қабылданбайтынын айтты.

«Олар қоғам үшін қауіп әкеледі. Біздің ата-бабаларымыз олардың ерекше күші бар екенін айтып кеткен. Олар адамдар арасында Құдай іспетті. Сол себепті егіз туса, бүкіл ауыл қауіп туғанын біліп отырады», - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Бір айта кетерлігі, 2013 жылы газет бетінде жарияланған хабарлама үкіметтің зерттеуіне себеп болды. Сол кезде отыз адамнан тұратын үкімет командасы өркениет стандарттарынан алыс, баланың жағдайына кері әсері тиіп жатқан мәдени тәжірибелердің бар екенін мойындаған еді. Көп ұзамай балалардың өлтірілетініне көз жеткізген соң олар қоғаммен ашық пікірталас ұйымдастыра бастады. Оған дәстүрлі және діни бірлестік өкілдері қатысып, билік балалар құқығын жақсартуды талап етті. Бірақ кейін аталған кампания қаржы жетіспеушілігінен жабылып қалған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер