Жаңалықтар тізбегі
0

Халықаралық балаларды қорғау күні: Алматыда мереке құрметіне қандай іс-шаралар өтеді

Халықаралық балаларды қорғау күні: Алматыда мереке құрметіне қандай іс-шаралар өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2024 12:11 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күнін тойлауға арналған іс-шаралар 30 мамырдан басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық кітапханаларда балалар суреті байқаулары мен кітап көрмелері өтеді:

  •  30 мамырда сағат 10:00-де №6 кітапханада "Балалардың күлкісі әлемді әрлейді" суреттер байқауы өтеді;
  •  Мемлекеттік қуыршақ театрында 31 мамырда сағат 11:00-де биыл тұсауы кесілген "Етік киген мысық" спектаклі көрсетіледі, содан кейін жас көрермендер "Үйшік" қойылымын 14:30-да қазақ тілінде және 16:00-де орыс тілінде көре алады.

1 маусым - Балаларды қорғау күні қаланың әр түкпірінде мерекелік бағдарламалар өтеді:

  1.  Басты концерт Орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 11.00-де өтеді. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары, сондай-ақ балалар вокалдық және би ұжымдары өнер көрсетеді;
  2.  Д.А.Қонаев атындағы музей үйінде сағат 11:00-де және 15:00-де "Менің музейім" атты экскурсиямен қатар квест-ойын өтеді;
  3.  Сонымен қатар, Н. Тілендиев мемориалдық музейінде сағат 12:00-де "Балалық шаққа саяхат" атты ашық сабақ өтеді;

Сонымен қатар, балаларды қорғау күні қаланың кейбір ауданында мерекелік іс-шара өтеді:

  1.  Алатау ауданында сағат 11:00-де Нұркент, 5/11 мекенжайында орналасқан Мультимедиялық дәстүрлі музыкалық орталығында балаларға арналған экскурсия өтеді.
  2.  Әуезов ауданында сағат 11:00-де Family Park демалыс саябағында мерекелік концерт, сондай-ақ спорттық ойындар мен шығармашылық белсенділік өтеді.
  3.  Алмалы ауданында сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Махатма Ганди саябағында Халықаралық байқаулар мен фестивальдар лауреаттарының және ауданның шығармашылық ұйымдарының ансамбльдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
  4.  Жетісу ауданында сағат 10:00-де Гүлдер саябағында Damu Bala бағдарламасының қатысушыларымен мерекелік концерт, сондай-ақ көрме, түрлі шеберлік дәрістері мен шахматтан турнир өтеді.
  5.  Медеу ауданында сағат 13:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, сондай-ақ Алатау шағын ауданында сағат 11:00-де ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
  6.  Наурызбай ауданында сағат 18:00-де Шұғыла, 347 мекенжайындағы амфитеатр аумағында концерттік бағдарлама, қолөнер жәрмеңкесі және суреттер көрмесі ұйымдастырылады.
  7.  Түрксіб ауданында сағат 10:00-де С.Сейфуллин атындағы саябақта өнер ұжымдары мен ансамбльдердің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді, сондай-ақ балаларға арналған түрлі квесттер, шығармашылық шеберлік дәрістерімен спорттық ойындар ұйымдастырылады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: