Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Үндістанда су тасқыны құрбандарының саны артты

150 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалды.

Сурет : 24.kz17 Тамыз 2018, 16:24

Үндістанда жойқын су тасқыны мен лай көшкіндерінен құрбан болғандардың саны артты, деп хабарлайды Хабар 24.

Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан 160-тан астам адам опат болған. 150 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалды. Апаттың ең ауыр зардабын тартқан Кералла штатында уақытша қоныс беретін 1300 лагерь ашылған.

Лай көшкіндерінің салдарынан штаттағы жолдардың көбісі бөгеліп қалды. Өкімет аймаққа құтқарушылар мен әскер жіберді. Алты жарым мыңдай адам оқшауланып қалған. Көптеген аудандарда ауызсу мен электр қуаты жоқ. Бұл жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін деген қауіп бар. Үндістанда жыл сайын осы кезде толастамайтын жаңбыр муссон жауып, су тасиды. Алайда бұл соңғы 100 жылдағы ең жойқын су тасқыны болып отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер