Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда мемлекет қажеттілігіне қандай жерлер алынуда

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2018 15:56 www.inform.kz
Шамамен 300 жер телімі иеліктен шығарылады, олардың 104-іне қаулы қабылданды.

Алматы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Самамбетов мемлекет қажеттілігі қайтарылып алынған жерлер мен болашақта қайтарылатын жер телімдері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге Наурызбай ауданындағы «Қалқаман» метро стансасының құрылысы үшін жер телімдерін қайтарып алу жөнінде өтінім келді. Оған шамамен 150 учаске жатады. Аралап, қажет құжаттар мен материалдарды жинауға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрине, мүлікті бағалау үшін құқық белгілейтін құжаттарды алып, тексеріс жүргізу қажет. Шамамен үйлердің 50% аралап шықтық, материалдар пакетін жинадық. Меншік иелерінің барлығы құжаттарын беруге келісім білдірмейтіндіктен, оларды әртүрлі кадастрлардан, әділет органдары мен мұрағаттан алдыртуға мәжбүр болып отырмыз», - деді Ардақ Самамбетов.

Бұдан бөлек, Ардан Самамбетов көлік жол айырықтарының құрылысы үшін алынатын жер учаскелеріне жекелей тоқталды. Т.Рысқұлов-Құлжа жолына арналған жол айырығына жерлерді иеліктен қайтарул аяқталды. Басқарма 3 млрд теңгеге жер телімдерін сатып алды.

«Емцова көшесіндегі жол айырық бойынша әлі де жұмыстар жасалуда. Оның бойындағы жер учаскелерінің 70% сатып алуды аяқтадық. Жалпы 102 учаскенің алпыс бесін 3,3 млрд теңгеге сатып алдық. 37 учаске бойынша жұмыс жүргізілуде. І.Жансүгіров-Н.Назарбаев жол айырығында эстакаданың құрылысы жүріп жатыр. Телімдерді өткен жылы сатып ала бастадық. Жалпы 45 учаскенің 44-іне 1,7 млрд теңге берілді. Бір учаскеде әлі жұмыстар атқарылып жатыр, алайда ол жер бос. Оған қатысты іс Жоғарғы сотта қаралуда», - деді А. Самамбетов.

Сондай-ақ, Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің жол айырығы сынды ірі жобаларға жер учаскелерін иеліктен шығару мәселесі қарастырылған.

Шамамен 300 жер телімі иеліктен шығарылады, олардың 104-іне қаулы қабылданды. Алматыдағы BRT үшін 32 жер учаскесі иеліктен шығарылған еді, олардың жетеуіне қатысты мәселе әлі де шешімін таппады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: