Алматыда жол салу үшін жеті жер телімі күштеп тәркіленеді

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2025 15:01 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 9 шілдедегі "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы қаласы Алатау ауданы "Алғабас" ықшамауданында орналасқан жол салу үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты 7 (жеті) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау", – делінген құжатта.

Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2027 жылдың 31 желтоқсанына белгіленді.

"Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:

  • заңда белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне өтемақы төлеудi қамтамасыз етуге;
  • жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін жер учаскелерін "Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балансына өткізсін.

Алып қоюға жататын жер учаскелерінің тізбесі қосымшада келтірілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: