Алматыда Мұқанов көшесін созу үшін жер телімдері мен жылжымайтын мүліктер мәжбүрлі түрде тәркіленеді
Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қазандағы "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан Мұқанов көшесінің Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігін салуға арналған жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау", — делінген құжатта.
Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні белгіленді: 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Меншік иелерінің өтініш беретін орны: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 каб.
"Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:
- заңда белгiленген тәртiппен меншiк иелерiн хабардар етуге және жер учаскесiнiң меншiк иелерiне өтемақы төлеудi қамтамасыз етуге;
- жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін жер учаскелерін "Алматы қаласының Қалалық көші-қон басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балансына өткізсін.
Бұған дейін Алматыда алты негізгі көше ұзартылатыны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript