Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Наурызбай ауданында метро салу үшін жер телімдері алынады

Алматыда жер учаскелері метроның құрылысы үшін алынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2024 09:39 Сурет: pexels
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 маусымдағы "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы" қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаулыда былай делінген:

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Қалқаман стансасынан "Барлық" базарына дейінгі метрополитеннің бірінші желісінің үшінші кезегін салу үшін орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау.

Жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Мүлік иелері Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы 90, 801 кабинет мекенжайы бойынша хабарласа алады.

"Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

  • меншiк иелерiн хабардар етуге және заңда белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне өтемақы төлеудi қамтамасыз етуге;
  • жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін жер учаскелерін "Алматы қаласының Білім басқармасы" КММ балансына өткізсін.

Қаулы 2024 жылғы 27 маусымда күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: