Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

«Қазцинк» кенішінде топырақ басып қалған машинист табылмай жатыр

Апаттың себебі мен салдарын құзырлы мемлекеттік органдар анықтайтын болады.

Сурет : 24.kz27 Тамыз 2018, 12:33

«Қазцинк» ЖШС-не қарасты Риддер кен байыту кешенінің Тишин кенішіндегі апат салдарынан топырақ астында қалған машинистің мәйіті табылмай жатыр. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 24 тамыз күні болған. Тишин кенішінде топырақ опырылып, апат аймағында бір машинист қалып қойған. Шұғыл түрде құтқару жұмыстары ұйымдастырылғанына қарамастан, машинистің денесі табылар емес.

«Компания қызметкерлері топырақ астында қалған әріптесімізді табу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуде. Қазір Тишин кенішінде жұмыс тоқтатылған. Барлық күш машинистің денесін аршып алуға жұмылдырылды. 40 адам мен 5 техника үздіксіз жұмыс істеп жатыр», - дейді «Казцинк» ЖШС-нің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Евгений Фоминых.

Мамандар құлаған топырақ мол болғандықтан машинистің тірі қалуы екіталай екенін айтады.

Апаттың себебі мен салдарын құзырлы мемлекеттік органдар анықтайтын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер