Маңғыстау облысындағы МАЭК-тің энергетикалық блогындағы апаттың себебі анықталып жатыр
Сурет: "МАЭК" ЖШС-нің сайты
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР Үкіметінің отырысында өңірдегі МАЭК-тің энергетикалық блогындағы апаттың себебін анықтайтын комиссия құрылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкім қазір тұтынушыларға электр энергиясын тұтынуға қойылған шектеулер алынып тасталғанын атап өтті.
"Қазір шектеу жоқ. Бірақ өндіріске 90 мегаватқа дейін шектеу қойылды. Бүгін апаттың себебін анықтау үшін комиссия құрылды. Бүгін біз сағат 12:00-ге дейін жұмыс жүргізуді ойлап отырмыз. Жөндеу жұмыстарын жоспарлап отырмыз. Жүйені 6 шілдеден бастап іске қосуды жоспарлап отырмыз". Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов те өңірдегі жағдайды баяндады. Оның айтуынша, 3 шілде күні сағат 14:24-те энергетикалық блоктың жұмысы тоқтаған.
"Осыған байланысты Атыраудың сол жағалауындағы ықшамаудандар жарықсыз қалды. Бұл жерде ЖЭО да, генерация да 160 мегаваттпен жұмыс істеуі керек еді. Біз шара қолдандық, ЖЭО қуатын 135 мегаваттқа дейін ұлғайттық. Сағат 21:00-де Ресей Федерациясымен синхрондау арқылы облысты толық қуат көзіне қостық. "Тұз" ЖШС ертең қосылады. Жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы жағдай бақылауда. Барлық құрылғы біртіндеп қосылып жатыр, ертең қалыпты режимге көшеміз". Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов
3 шілдеде Маңғыстау және Атырау облыстарындағы электр станциялары оқшауланған жұмыс режиміне көшті. Оған "МАЭК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты №1 энергетикалық блоктыі апатты түрде тоқтауы себеп болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript