Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау тұрғындарын тыныштық сақтауға үндеді

Нұрлан Ноғаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 02:59 Сурет: видео скрині
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір басшысы облыс тұрғындарын тыныштық сақтауға, жағдайды ушықтырмауға үндеді.

"Құрметті маңғыстаулықтар! Қадірлі жерлестер! Бұл жағдайдың баршамыздың көңілімізге қаяу түсіріп отырғаны жасырын емес. Осы сәтте біз ашу үстінде асығыс шешім қабылдамай, сабыр сақтағанымыз жөн. Біз кез келген түйткілді мәселе мен қиындықтарды ақылмен шешіп, абыроймен алып келеміз. Қоғамдағы шиеленісті одан әрі ушықтыру, заң мен құқықтық нормаларды бұзу - бұл - жағдайдың тұрақсыздануына әкеледі, мәселені шешпейді. Ардақты ағайын! Баршаңызды сабыр сақтап, ел тыныштығын бұзбауға шақырамын! Біз бұл жағдайдың тек заң шеңберінде әділ шешілгенін қалаймыз. Баршамыздың мақсатымыз бір - ертеңгі күнге деген сенімділік пен елдің амандығы, жұрттың тыныштығы. Қазір әсіресе арандатушыларға еріп кетпей, олардың ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзуына жол бермеуіміз қажет. Бәріміздің мақсатымыз бір. Халқымыз адал еңбек етіп, атқарған жұмысына сай еңбекақысын алып, ертеңіне сеніммен қарап, сыйластықта өмір сүруді қалаймыз, және оны жүзеге асыру үшін жұмыстанудамыз. Кәсіпорындарда тыныштық пен тұрақтылықтың болғаны бәріміз үшін де тиімді. Қадірлі ағайын! Қазір Қасиетті Рамазан айы – мейірім мен рухани тазару айы. Біз Сіздермен осыған дейін бірлескен күш-жігеріміздің арқасында талай сын-сағаттардан өттік оған тарих куә. Бұл түйткілді де ауызбіршілікпен, ынтымақпен еңсереміз деп сенемін. Халқымыз тыныш, ел іргесі – бүтін болсын!"Нұрлан Ноғаев


Бұған дейін полиция департаменті Жаңаөзеннен Астанаға барып, талаптарын айтқан мұнай компаниясы жұмысшыларының митингісіне қатысты пікір білдірді.

Жаңаөзен әкімі қаладағы алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасады

Оның сөзінше, әкімдік тұрақты негізде қала аумағында жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: