Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде "Алтын белгі" иегері өмір бойына сотталуы мүмкін

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2018 15:36 inform.kz
17 жастағы мектеп түлегінің қазасына қатысты басты сот талқылауы бүгін өтеді.

Ақтөбеде мектеп түлегін өлтірді деген күдікке ілінген "Алтын белгі" иегері сотталып жатыр. Полицейдің ұлы пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

31 тамызда алдын ала тыңдау өтті. Сотта Бекназ К-ге алқабилер сотын қолдану ұсынылды, алайда ол бас тартты. Сотталушының адвокаты сотқа куәгерлерді – екі қыз бен сыныптастарын шақыруды, төбелес кезінде Бекназ да жарақат алғандықтан қылмыстық іске амбулаториялық картаны тіркеуді, сотталушының сынып жетекшісі мен оқу ісі меңгерушісінің оған берген мінездемесін қосуды, қоңырау деректерін алуды, әлеуметтік желілердегі хат-хабарларды тіркеуді сұрады, деп жазды "Ақтөбе таймс".

Басылым атап өткендей, сотта өлген оқушының әкесі Ақтөбе полициясында жұмыс істейтіні айтылды. Басты сот талқылауын 3 қыркүйекте өткізу жоспарланған.

№19 мектептің түлегі Азат Дүсіпов 17 маусымда "Ақтөбе" — "Ордабасы" ойынынан кейін бірнеше сағаттан соң қаза болды. Азаттың достарының айтуынша, күдікті мен марқұм сол күні Орталық стадионға барған, бірақ бір-бірімен таныс болмаған. Жанжал Тургенев көшесіндегі жатақхана ғимаратының артында түнгі сағат он екінің кезінде шыққан. 17 жастағы жігіт тамағынан пышақ жарақатын алып, облыстық балалар клиникалық ауруханасында көз жұмды.

Бекназ К-ге 8 тамызда, туған күнінде айыптау актісі тапсырылды. Оған 99-баптың 9 және 2-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Бұл баптар бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: