Ақтөбеде 40 жастағы азамат телефон бермеген танысын атып өлтірген
aktobenews.kz
Бүгін басталған сот отырысында айыптау қорытындысымен сотталушы келіспейтінін айтты.
Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлімімен аяқталған оқиғаға қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды aktobenews.kz.
Оқиға ақпан айында Хромтау ауданында болған. Мемлекеттік айыпталушы ортақ таныстығы бар үш азаматтың бірге отырып есірткі затын пайдаланғанын айтты.
Сотталушы жәбірленушіден ұялы телефон сұраған. Екіншісі бермегені үшін сотталушы оны балағаттап жібереді. Жәбірленуші сол жерде оны жұдырықтап тастаған. Дене жарақатын алған сотталушы кек сақтап, кейін жәбірленушіні заңсыз сақталған мылтықпен үйіне барып атып кеткен.
Бүгін басталған сот отырысында айыптау қорытындысымен сотталушы келіспейтінін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript