Қызылордада мүгедек анасын өлтірген азамат 17 жылға сотталды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2018 20:48 Baq.kz
Сотталушы мас күйінде екінші топтағы мүгедек анасын балғамен басынан, кеуде тұсынан бірнеше рет ұрған.

Қызылордада мас күйінде мүгедек анасын өлтірген азамат 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан хабарлағандай, сотталушы мас күйінде екінші топтағы мүгедек анасын балғамен басынан, кеуде тұсынан бірнеше рет ұрған. Алған жарақатының нәтижесінде кейуана көз жұмған.

Сонымен, соттың үкімімен сотталушы алдағы 17 жыл өмірін абақтыда өткізетін болды. Қылмыскер жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: