Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Баспана үшін 1 млн теңге пайызсыз несие алуға мүмкіндік бар

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде 36 мыңнан астам азамат бар.

Сурет : informburo.kz3 Қыркүйек 2018, 17:49

Бүгін «Баспана» АҚ төрағасы Қайрат Алтынбеков жұмыс сапарымен Шымкент қаласындағы құрылыс аймақтарын аралады. «Шымкент ситидегі» құрылыс жұмыстарымен танысып, жеке құрылыс компанияларының басшыларымен кездесу өткізді. «7-20-25» бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан үйлердің жұмыс барысымен танысты деп жазады otyrar.kz.

Айта өтейік, Шымкентте дәл осы бағдарлама арқылы үйлі боламын деушілердің қатары сирек. Себебін зерделеуге келген төраға, әкімдікпен меморандумға да тұрды.

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде 36 мыңнан астам азамат бар. Алайда наурыз айында қабылданған «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспаналы болуға сұраныс бергендердің қатары сирек. Бар болғаны 21 адамның өтініші мақұлданған. Үшінші мегаполис тұрғындарының баспаналы болуға асықпайтынына не себеп? Бұл сауалға мамандар жауап іздеп сабылды.

«Баспана» ипотекалық компаниясы төрағасының Шымкент шаһарына жасаған сапары нәтижелі болатын секілді. Бүгін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен меморандумға қол қойылды. Енді төлем қабілеті мақұлданған азаматтар 1 млн. теңге пайызсыз несие ала алады. Оны әкімдіктің өзі беретін болып шешілді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында 175 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда тұрғын үй сатып алуға ниет білдіргендердің 411-і жыл соңына дейін баспаналы болады.

Нұрлан Жаңабай


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер