Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Үндістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 1400 адамнан асты

Үндістанда маусым айынан қыркүйекке дейін жауын-шашын маусымы болады.

Сурет : www.inform.kz4 Қыркүйек 2018, 09:51

Үндістанда толассыз жаңбыр маусымы басталғалы бері көз жұмған адамдар саны 1400-ден асты. Табиғи апаттан анағұрлым зардап шеккен Керала штатында 488 адам мерт болған. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.

Үндістан ІІМ дерегіне сәйкес, елдің оңтүстігіндегі Керала штатында мұндай су тасқындары соңғы жүз жылда болмаған.

Тасқындар салдарынан 14 уезде 5 млн 411 мың адам зардап шекті. Табиғи апат зардабын жоюға көмектесетін лагерьлердің орталықтары лық толған. 57 мың гектар ауылшаруашылық дақылдары жойылды.

Су тасқынынан Уттар-Прадеш және Батыс Бенгалия штаттарына да айтарлықтай зақым келді. 200-ден астам адам қаза тауып,100 мың гектар егістік жарамсыз болып қалды.

Үндістанда маусым айынан қыркүйекке дейін жауын-шашын маусымы болады.

Бұл уақытта су тасқындары, лай көшкіндері және басқа да табиғи апаттар жиі орын алады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер