Жаңалықтар тізбегі
0

Кесене маңында жас қызды зорлап кетті

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2018 23:55 otyrar.kz
Зардап шеккен қыз Түркістан қалалық ауруханасының жарақат бөлімінде жатыр.

Киелі жерде қасиетсіз тірлікке баратын адами болмыстан ада екі аяқтылар да бар екен. Олай деуімізге себеп те жоқ емес. Түркістан қаласында бүгін тапа тал түсте Қ.А.Ясауи кесенесіне тәу етіп келген жас қызды белгісіз біреу зорлап кеткен деп жазады отырар кз.

Алдымен қаскүнем қыздың телефонын тартып алыпты. Қыз телефонын қайтарып алмақ болып қуған кезде жігіт көзден таса жерге сүйреп апарып, киімін шешіп, зорлық көрсеткен.

Қыз зорға дегенде қашып құтылған. Қанға боялған қызды көргендер тез арада жедел жәрдем шақыртқан. Куәгердің айтуынша сайдың ішінен шыққан қыздың бетін қан жуып кеткен. Үстінде киімі жоқ, тұттай жалаңаш болған. Оқиға куәгері үстіндегі киімін шешіп беріп, жедел жәрдем шақырыпты.

Зардап шеккен қыз Түркістан қалалық ауруханасының жарақат бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қыздың бас ми жарақатын алғанын айтып отыр. УДЗ-ға түсіріп, қыздың жыртылған ернін тігіпті.

Салтанат Қарагөзова, Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: «Оқиға орнында тергеу тексеру жұмыстары жүрігізілуде. Сараптама тағайындалды».

Лаура Нақыпқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: