Таразда 5 жасар қызды пойыз қағып кетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2018 22:18 Сурет: zakon.kz
Зардап шеккен қыз ауыр халде жатыр.

Жамбыл облысында 5 жасар қыз пойыз астына түсті, деп хабарлайды Stan.kz өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 мамырда Таразда 5 жасар қыз Құмшағал – Шөлдала станциясы №1 пикеті өткелінің учаскесінде жүк пойызының астына түсіп, ауруханаға жеткізілді», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Зардап шеккен қыз ауыр халде жатыр. Оқиға Жамбыл – Арыс бағытында болған. Оқыс оқиға салдарынан өзге пойыз қозғалыстарына бөгет болған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: