Қарағанды облысында сарбаздың қолында граната жарылды
ҚазАқпарат
Зардап шеккен адам қазір облыстық маедициналық орталықтың жансақтау бөлімінде жатыр.
Қарағанды облысында Ұлттық ұлан сарбазының қолында граната жарылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зардап шеккен адам қазір облыстық маедициналық орталықтың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты облыстық денсаулақ сақтау басқармасы да растады.
«Сарбаз облыстық медициналық орталықта жатыр. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Есін біледі, қойылған сұрақтарға да жауап береді. Граната оның қолында жарылды. Өкінішке орай оң қолының алақаны жұлынып кеткен», - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, осы кезде сарбазға барлық қажетті медициналық көмектер көрсетіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript