Жаңалықтар тізбегі
0

Мен үшін Ахмет Байтұрсынұлы ұлы саясаткер– Мәмбет Қойгелді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2018 20:54 Baq.kz
Ахмет Байтұрсынов Ленинге жазған хатында қазақ қоғамын қиындықтан алып шығу жолын да көрсеткен, алайда Ленин оған құлақ аспаған.

1920 жылдары Ахаң Лениннің атына 3-4 хат жазған. Соның бірінде Мәскеудің Қазақстанды басқаруға жіберген адамының қолынан түк келмейтіндігі жайында айтылады. Бұл жайында тарихшы Мәмбет Қойгелді Қазақстан тілдері күніне орай өткен коференция барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Тарихшының айтуынша, 1920 жылдары Мәскеу Каз Воен редкомның төрағасы ретінде Станислав Песковты тағайындап, елді басқаруға жіберген және ол еш дайындықсыз келген.

«Байтұрсынов хатында былай дейді: Сіздің Қазақстанға жіберген басшыңыз не істеу керетігін білмейді. Өйткені оның қолында ешқандай бағдарлама жоқ. Бұл қазақ қоғамын білмейді, ол қалай бізді басқарады? Сіз жіберген адамның қолында бағдарлама болмаса, ондай бағдарлама үкіметте де жоқ деген сөз. Халықтардың теңдігі туралы деклорациядан өзге басқа бағдаралама жоқ», деген. Өкінішке орай Ленин оған жауап бермеген. Менің түсінігім бойынша Ленин жауап бере алмас еді», - дейді ол.

Тарихшының дерегі бойынша, Ахмет Байтұрсынов Ленинге жазған хатында қазақ қоғамын қиындықтан алып шығу жолын да көрсеткен, алайда Ленин оған құлақ аспаған.

«Ахаң шығатын бір-ақ жол бар деді. «Қазақта аттөбеліндей аздаған зиялылар бар, олар қазақ халқының болашағы үшін күресіп келе жатыр, сіз соларға сеніңіз, соларға тізгінді беріңіз. Олар қателесуі мүмкін, бірақ еш уақытта халқын сатпайды», деді. Ленин, Сталин де оның ұсынысын қабылдаған жоқ. Совет үкіметінің ең үлкен қателігі осы болатын. Совет үкіметінің билігі легитимді билік емес, патша үкіметінікі қандай болса, олардікі де сондай болды», - дейді М. Қойгелді.

Сөз арасында тарихшы Совет үкіметінің ұстанымына қатысты Парламент болашақта қаулы қабылдаса деген ұсынысын да айтты.

«Біз, гуманитарлық ғалымдар Ахаңның кезіндегі ұстанымының дұрыс екендігін дәлелдеуіміз керек, соның негізінде Парламент шешім қабылдау керек. Советтік жүйенің қате, қиянатшыл жүйе болғандығын айту керек. Бұл Ахаңдардан, Әлихандардан қалған аманат деп түсінуіміз керек», - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: