«Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабы чех тілінде жарық көрді
Кітап алғаш рет чех және ағылшын тілдеріне аударылып, оған қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлері мен қазіргі заманғы «Алаштанушы» ғалымдардың еңбектері енді. Кітапты қазақ тілінен ағылшын тіліне Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы аударды.
Елшіліктің хабарлауынша, жиында қазақстандық дипломаттар Ахмет Байтұрсыновтың және жалпы тарихымыздың жарқын беттерінің бірін құрайтын «Алаш» қозғалысының рөлін ерекше атап өтті.
Белгілі ғалым, профессор Йиржи Шима: «Мен өз халқым мен елімнің тарихын зерттеп қана өткен ғасырдың соңында жаңадан пайда болған тәуелсіздіктің ерекше құндылығын түсіне бастайтыныма сенімдімін», - деді.
Іс-шара барысында қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланып, Қазақстанның тәуелсіздік дәуіріндегі жетістіктері туралы сындарлы пікір алмасылды. Ахмет Байтұрсынұлының өз халқының мәдени санасындағы ерекше рөлі атап өтілді.
Дөңгелек үстел соңында Қазақстан Республикасының Елшілігі Карлов университетіне "Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш" кітаптарын чех және ағылшын тілдерінде сыйға тартты.
Қазақстандық тараптан онлайн форматта қатысқандар:
Дархан Қыдырәлі, қазақстандық ғалым, публицист, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық Түркі академиясының президенті, "Егемен Қазақстан " Республикалық газеті " АҚ Басқарма Төрағасы;
Зиябек Қабылдинов Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор;
Анар Фазылжанова А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты;
Бүркітбай Аяған, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" ММ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор;
Сатай Сыздықов тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры;
Зәуреш Сақтағанова Е. А. Букетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің этномәдени және тарихи-антропологиялық зерттеулер орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі;
Алтай Оразбаева тарих ғылымдарының докторы, М. В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры.
Сонымен қатар кездесуде Карлов университетінің, Чехия Ұлттық кітапханасының өкілдері, журналистер мен "Қазақстан достары клубының" өкілдері сөз сөйледі. Қатысушылар ұлттық тарихты жан-жақты және терең зерттеудің маңызын атады.