Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай қаласындағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының аты беріле ме

Қостанай, әуежай Сурет: Zakon.kz
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» фракциясы мүшесі Қазыбек Иса ҚР Премьер-министрінің орынбасары  Е.Тоғжановқа ұлт ұстазы, алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына байланысты ұсынысын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Келесі жылы алаш көсемдерінің бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ғылымын академиялық жолмен ұйымдастырушы, ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы шоғырын тәрбиелеуші аса ірі тұлға, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтеді.

Осы мерейтойға байланысты депутат ұсынысын айтты.

Алашқа, яғни қазаққа қарсы күрескен Жанкелдиндердің елді жаныштаған 70 жылдық  заманы келмеске кетті! Алаш көсемі Ахаңдардың армандап, айқасқан Тәуелсіз Қазақ елінің заманы келгеніне 30 жыл толды. Ендеше, алаш көсемдері Ахмет пен Міржақыптың  туған ауданының аты әлі күнге дейін қызыл большевик, кезінде ұлты мен дінін сатып, Николай Степнов болған   Жангелдиннің атында болуы елге де, ерге де, ең алдымен әруаққа қиянат! Ауданға 150 жылдығын  әлем атап өткелі отырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының атын беру керек! Бұл тарихи әділеттілік болар еді.  ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қазыбек Иса

 Сонымен қатар алаш көсемдерінің ауылына баратын жолдың жоқтығы мен Қостанайдағы әуежайдың атауы сөз болды.

Елдің тағы бір талабы – Қостанай қаласындағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының атын беру керек. Ұлттың ұлы ұстазының елін көруге келгендерді қала қақпасы әуежайдан Ахаңның өзі қарсы алып жатқаны жарасымды емес пе?  ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Қазыбек Иса

Бұдан бөлек ұлт ұстазының асыл мұраларын түркі әлеміне насихаттау жұмыстарын жолға қою жайы айтылды.  

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: