Жаңалықтар тізбегі
0

Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына дайындық жөніндегі мемкомиссияның отырысы өтті

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 23:21 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен ұлт ұстазы, "Алаш" қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста мемлекеттік органдардың басшылары мерейтой аясында атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу, ағартушылық, мәдени-бұқаралық бағыттағы жұмыстар жайында баяндады, делінген Ақорда хабарламасында.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалғанын атап өтті. Сонымен қатар ол ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция өткенін, онда "Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары" (қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде) кітабының тұсауы кесілгенін айтты. Бұдан бөлек биыл ТҮРКСОЙ ұйымы халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілерге жыл сайын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі тағайындағанын және Алматы қаласында ұлт ұстазының ескерткіші ашылатынын жеткізді.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қайраткерлігіне арналған "Соңғы үкім" киножобасының түсірілімі жыл аяғына дейін аяқталатынын, желтоқсан айында мерейтойға арналған республикалық айтыс өткізілетінін атап өтті.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Торғай өңірінде Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ескерткіші ашылғанын, Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби мұражайына абаттандыру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Отырысты қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған іс-шараларды жыл соңына дейін жоғары деңгейде өткізу қажет екеніне тоқталды. Сондай-ақ Түркістан қаласында Халықаралық түркітанушылар конгресін ұйымдастыруды, ұлт ұстазының 12 томдық шығармаларының жинағын шығаруды, "Ахмет Байтұрсынұлы" төсбелгісін дайындау жұмыстарын  жүргізуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: