Ақордада ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік сыйлықтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 18:53 Сурет: akorda.kz
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен 2023 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссия мүшелері биылғы Мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған 13 жұмысты, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерін қарады. Сондай-ақ медицина және денсаулық сақтау, инжиниринг және технология, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылық ғылымдары секциялары бойынша жасалған сараптамалық-талдамалық ұсыныстармен танысты, делінген Ақорда хабарламасында.

Жиын қорытындысы бойынша 2023 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылған, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітілді. Комиссия шешімімен іріктеудің екінші кезеңіне 8 жұмыс жіберілді.

Келесі кезеңге өткен жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: