Жаңалықтар тізбегі
0

Ахмет Байтұрсынұлы түскен ескі видео мен сурет табылды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2022 14:45 Сурет: Sayasat Nurbek/Telegram
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы түскен видеосы мен бұрын жарияланбаған фотосуреті Әзірбайжан елінің мұрағатынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақжолтай жаңалықпен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек желідегі парақшасында бөлісіп, тарихи видео мен суретті жариялады.

Біздің ғалымдар Әзірбайжан архивінен Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының видеосы бар таспа мен бұрын жарияланбаған фотосуретін елге жеткізді. Бейнетаспада 1926 жылдың 26 ақпаны мен 5 наурызы аралығында Әзербайжан КСР-нде өткен І бүкілодақтық түркология құрылтайы (съезд) бейнеленген. 8 минуттық видеода Ахмет Байтұрсынұлы 6 рет көрінеді. Бір қызығы съезде үш оператор жұмыс істеген. Біздің ғалымдар тауып әкелген видеодан бөлек, тағы екі аппараттың түсірген бейнежазбалары болуы мүмкін. Оны да алдағы уақытта табуды міндет етіп отыр жас ғалымдар.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек

Оның айтуынша, фотосурет Әзірбайжан мемлекеттік өнер және мәдениет мұрағатында істейтін ғалым Фархад Ағзадәнің жеке қорынан алған.

Бірінші түркологиялық құрылтайда түсірілген суретте Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Біләл Сүлеевтер бар. Осы еңбектері үшін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, PhD Ермұхамет Маралбек пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әрлен Сейітбатқаға алғыс айтамыз, делінген министр жазбасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: