Жаңалықтар тізбегі
0

Голливуд жұлдызы өмірден озды

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2018 17:34 sputniknews.kz
БАҚ-тың хабарлауынша, атақты америкалық актер жүрек талмасынан көз жұмған.

Актер Берт Рейнольдс Флорида ауруханасында 83 жасында қайтыс болды. РИА Новости TMZ-ге сілтеме жасап хабарлағандай, қазаға инфаркт себеп болды. Рейнольдс 2010 жылы жүрегіне ота жасатқан деп жазады спутник.

Рейнолдс 1970 жылдары Голливудтың жетекші жұлдыздарының қатарында болды, оған 1972 жылы түсірілген Джон Бурманның "Құтқару" фильмі танымалдылық әкелді.

1973 жылдан 1983 жылға дейін ол Американың ең танымал актері атағы үшін Роберт Редфордпен таласқа түсті. "Полиция және бандит", "Зеңбірек ядросы" комедиялық боевиктері арқылы көрерменге кеңінен танылды.

1992 және 1998 жылдары "Алтын Глобус" сыйлығына ие болды, ал 1991 жылы "Эмми" сыйлығын алды. 1997 жылы " Boogie Nights" фильміндегі екінші жоспардағы рөлі үшін "Оскар" жүлдесін иеленді.

Қазақстанның халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпова 86 жасында өмірден өтті

Соңғы рет келесі жылы жарық көретін Квентин Тарантиноның "Бір күні Голливудта" фильміне түсті. Фильмде онымен бірге Леонардо Ди Каприо, Брэд Питт және Марго Робби ойнады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: