Жаңалықтар тізбегі
0

"Новая волна" байқауында Димаш Құдайбергеннің микрофоны қосылмай қалды

i.ytimg.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2018 19:02 i.ytimg.com
Жүргізуші Николай Басковтың тағы да гүлсіз қалғанын айтып әзілдеді.

"Жас толқын — 2018" байқауы кезінде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің микрофоны қосылмай қалды. Десе де отандасымыз еш мүдірместен әнін айтуды жалғастыра берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Сочи қаласында өткен "Новая волна-2018" байқауының жабылу салтанатында Димаш Құдайберген Adagio әнін орындады. Алайда әнші сахна төріне шыққаннан кейін 20 секундтай микрофон істемей тұрды. Десе де, отандасымыз техникалық ақауға еш мән берместен әнін айтуды жалғастыра берді. Кейін техникалық ақау реттеліп, микрофоны да қосылды.

Ән аяқталған соң фанаттары Димаш Құдайбергенді гүл астында қалдырды. Көпшілік оны суретке түсіріп үлгеріп жатты.

"Мұны бірінші күні айтқан едім. Тағы бір рет қайталайын. Осы сәтті Николай Басков көрсе не істейтінін тіпті білмеймін… Достар, Димаш Құдайбергенге гүл сыйлауға жүгіріп келе жатқан әйелдердің үні ол сахнада шығаратын дыбыспен шамалас. Мен әсірелеп немесе қалжыңдап айтып тұрған жоқпын", — деп әзілдеген болды байқау жүргізушісі Тимур Родригез.

Әрі қарай сөз кезегін Димаш Құдайбергенов алып, тыңдармандарға алғысын айтты.

"Рұқсат болса, бірер сөз айтып алғыс білдірейін деген едім. Сіздерге ән айту мүмкіндігін сыйлағандарыңыз үшін алғысым шексіз. Ұлы маэстро Игорь Яковлевич, мені шақырғаныңыз үшін рахмет. Қазақстанға келіңіздер! Біз сіздерді жақсы көреміз", — деді ол.

Екінші жүргізуші Марина Кравец өз кезегінде гүлдердің көптігіне қайран қалғанын жасырмады.

"Димаш, сіз мұның барлығын қалай алып кетпексіз? Айтыңызшы", — деп сұрады ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары аталған жағдайға қатысты түрлі пікір білдіріп жатты. Бірі техникалық ақау әдейі жасалды десе, екіншілері Тимур Родригездің осы мазмұндас әзілдерінен шаршағанын жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: