Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Мазаланбай-ақ қойыңыз!". Арыстанбек Мұхамедиұлы сөзін бөлген ақынға ашуланды

Ақын Әсия Беркенова өз кезегінде журналиске көмектескісі келгенін айтып ақталды

Сурет : sputniknews.kz8 Қазан 2018, 16:52

Мен жақсы түсініп тұрмын. Сіз мазаланбай-ақ қойыңыз. Журналистер менің не туралы айтып жатқанымды жақсы біледі. Осылай деп ашуланды ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөзін бөлген ақын Әсия Беркеноваға, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр өзінен журналистің сауалына тура жауап беруді өтінген ақынға ашуланды. Баспасөз конференциясына келген журналистердің бірі министрден 20-21 қазан күндері Қазақстанда өтетін халықаралық айтысты кімнің қаржыландыратынын сұраған-ды.

"Жүлде қорында бас жүлдеге 5 миллион теңге, бірінші орынға 2,5 миллион теңге, үшінші орынға миллион теңге тағайындап отырмыз. Сонымен бірге қолдау ретінде тағы да 350 мыңнан жүлде бар. Мен сізге тағы айтайын, Астана мерейтойының жиырма жылдығына қатысты баяғыда сіздерге бір сенатор дұрыс айтпады. Ол "Астананың мерейтойын 5-6 шілдеде ғана атап өтеміз" деген болатын. Бұл — бір жылға ұласатын мереке. Бүкіл спорт шарасы, жазушылардың үлкен конгресі осы мерекеге орай ұйымдастырылып отыр. Енді ақындар айтысы өтпек. Бәрі Астананың 20 жылдығы аясындағы мереке", — деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Жыр арқауы — Астана" атты халықаралық ақындар айтысына арналған баспасөз конференциясы барысында.

Министрдің сөзін "Кім қаржыландырады?" дейді. Соны сұрап жатыр" деп жанында отырған ақын Әсия Беркенова бөлді.

"Мен жақсы түсініп жатырмын. Сіз мазаланбай-ақ қойыңыз. Журналистер менің не туралы айтқанымды жақсы түсініп отыр. Бұл кісілер менің не үшін кішкене қаттырақ айтқанымды да біледі. Бәрі басында "20 жылдыққа осыншама ақша бөлген екен" деп шулаған. Қателесіп "5-6 шілде ғана тойланады" деп айтылды. Бұл бір жыл бойы өтетін шаралар. Соның ішінде енді халықаралық ақындар айтысы өтейін деп отыр. (…) Сіз (Әсия Беркеноваға — Sputnik) маған кішкене онша түсінбейтін сияқты қарайсыз ғой деймін", — деп ашуланды министр.

Ақын өз кезегінде журналиске сауалына жауап алуға көмектескісі келгенін айтып ақталды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер