Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі тағайындалды

Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Жээнбек Кулубаев тағайындалды.

Сурет : ҚазАқпарат10 Қазан 2018, 15:09

Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Жээнбек Кулубаев тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөліміне сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков осындай жарлыққа қол қойған.

Соңғы уақытта Кулубаев Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Азия және Африка департаментінің директоры лауазымын атқарып келген.

Ол 1963 жылғы 5 сәуірде Ыстықкөл облысының Чырпыкты ауылында туған. Мәскеу әскери институтын, ҚХР СІМ Дипломатиялық институтын (шығыстанушы) бітірген.

Қырғыз, орыс, ағылшын және қытай тілдерін біледі.

Айта кетейік, 2016 жылдан бері Қырғызстанның Қазақстанда елшісі болған жоқ. Көрші республиканың мүдделерімен Қырғыз Республикасының Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Кайнарбек Токтомушев айналысып келген болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер